«Болашақ» бағдарламасының басым мамандықтар тізімі медицина және аграрлық мамандықтар бойынша кеңейтіледі

АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - «Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар тізіміне медицина және аграрлық мамандықтар бойынша түзетулер енгізіледі.
None
None

Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында Білім және ғылым министрлігі Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар дапертаменті директорының міндетін атқарушы Ақерке Абылайхан мәлім етті.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы алғаш рет бағдарлама аясында құжаттар қабылдау 18 ақпаннан басталып 1 қазанға дейін жалғасады. «Сөйтіп, жыл бойына біз құжаттар қабылдаумен айналысамыз. Сонымен қатар, үміткерлерге қолайлы болуы үшін жыл бойына конкурстық іріктеулерді өткізе беретін боламыз. Соған орай, конкурстық іріктеулердің қорытындысына сәйкес, бүгінгі Республикалық комиссия отырысына 18 үміткердің кандидатурасы ұсынылып отыр. Бұдан бөлек, 2013 жылы шетелдерде кадр даярлау үшін басым мамандықтар тізіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралады. Бұл өзгерістер негізінен аграрлық және медицина саласының мамандарына қатысты болып табылады», - дейді А. Абылайхан.

Соңғы жаңалықтар