«Болашақ» бағдарламасының тарихы туралы деректі фильмге Н. Назарбаев түскен сирек кездесетін кадрлар пайдаланылды (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Халықаралық бағдарламалар орталығында «Болашақ»: Қазақстан тарихының алтын беттері» атты деректі фильмнің трейлері іске қосылды. Оған Н. Назарбаевтың сирек кездесетін кадрлары пайдаланылды.
None
None

«Болашақ» стипендиясы ел тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұл елдің жетістіктерінің бірі. Тәуелсіздіктің 25-жылдығы қарсаңында «Болашақ» стипендиясын жүзеге асырған барлық 23 жылды қамтыған фильм түсіруді жөн санадық», - деді «ХБО» АҚ президенті Ғани Нығыметов - бүгін фильмнің анонсын дайындадық. Ол «Қазақстан», «Хабар» арналарында 5-6 шілдеде көрсетіледі, 4 шілдеде алдын ала көрсетілімі болатынын» айтты.

Оның айтуынша, фильм жұмысы Президент телерадиокешенімен бірлесіп атқарылды, Н. Назарбаевтың жастармен кездесуі сияқты видеолар пайдаланылды.

«1997 жылғы Хьюстонда мұнай компанияларымен келіссөз жүргізілген кадрлар бар. Сол жерде Елбасы стипендиаттармен кездесті.  Сол жылы Президенттің «Қазақстан-2030: гүлдену, қауіпсіздік және қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруы» атты Жолдауы жарияланды. Мемлекет басшысы степендиаттарға конвертпен кітап табыс етті. Президент оларға: «Студенттер қалай өмір сүретінін білемін. Оларға үнемі ақша жетпейді, бұл менің сыйлығым» деді. Мұндайды бұл кадрды бұрын көрмегенмін», - деп атап өтті  Ғ.Нығыметов.  

Сондай-ақ белгілі тұлғалармен, биіктерге жеткен алғашқы болашақ түлектерімен 23 сұхбат жүргізілді.

Фильм үш тілде: қазақ, ағылшын, орыс тілінде көрсетіледі. 6 шілдеде картинаны Шанхай, Лондон, Мәскеу, Берлин, Вашингтондағы ҚР елшілігінің ғимаратынан көруге болады.

 

 

Соңғы жаңалықтар