«Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирінің ашылу салтанатында бірқатар мемлекет басшылары қатысады
АСТАНА.KAZINFORM – Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлейді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Астанада 29 шілде – 9 тамыз аралығында өтетін сайыста 34 елден 800 спортшы бақ сынайды.
Іс-шараның ашылу салтанатына Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысады.
Болашақ ойындары іс-шарасына қатысты мәліметтерді мына сілтемеден оқуға болады.
Айта кетейік, Президент Телерадиокешені «Болашақ ойындары–2026» турнирінің телевизиялық түсірілімін жасайды.