13:15, 29 Мамыр 2025 | GMT +5
«Болашақ» стипендиясының иегерлері тізімі жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM — Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 189 қазақстандық халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды.

Биыл конкурстық іріктеу жаңа ережеге сай кезең-кезеңімен өтіп жатыр. Оның аясында кешенді тестілеу және жеке сұхбаттар жүргізілді.
— Жаңа стипендиаттардың жалпы санынан 164 азамат — магистратура, 10 азамат докторантурада оқиды. Сондай-ақ 15 азамат әлемнің ең үздік университеттері мен орталықтарында тағылымдамадан өтеді, — делінген хабарламада.
«Болашақ» стипендиясының иегерлерінің толық тізімін мына жерден көре аласыздар.
Айта кетелік 189 қазақстандық «Болашақ» стипендиясын жеңіп алғаны туралы жазған едік.