«Болашақ үшін бірігу керек!!!» - Қазақстан халқы Ассамблеясы

АСТАНА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат – Елбасының бүгін, наурыздың 6-сы күнгі Қазақстан халқына «Дағдарыстан – дамуға» атты Жолдауынан кейін, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығында Ассамблея кеңесі мүшелерінің қатысуымен жиналыс өтті. Жиналыс барысында Жолдаудың негізгі бағыттары талқыланып, Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан ел азаматтарына үндеу қабылданды. ҚазАқпарат осы үндеу мәтінін таратады.
None
None
Қазақстан халқы Ассамблеясының ел азаматтарына Үндеуі «Болашақ үшін бірігейік!!! » Құрметті Қазақстан азаматтары! Қымбатты қазақстандықтар! Бүгін Елбасы көпэтносты Қазақстан халқына Үндеу жасап, бүкіл ел және әрбір қазақстандық азаматтың дағдарыс кезеңіндегі нақты іс-қимыл мен бағыттар жоспарын айқындады. Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының Жолдауда белгілеген бағытын толығымен қолдайды. Бұл бағыт - ғаламдық дағдарыстан ел азаматтарының бірлігі мен ынтымағы арқылы шығудың нақты жолы. Жолдау мәтінінде еліміздегі және әлемдегі қалыптасқан жағдайға нақты әрі айқын сараптама жасалған. Ұлт Көшбасшысы халықты қалыптасқан әлемдік қаржы дағдарысы ұзаққа созылатынын, әлемдік экономика өзінің құлдырауында әлі тереңіне жетпегенін түсінуге шақырды. Сонымен қатар, Елбасы Қазақстанның әлемдік экономиканың шайқалуына қарсы дер кезінде қарсы тұрып, алдын-алу шараларын жүзеге асырған алғашқы елдердің бірі болғанын атап өтті. Президент қазақстандықтарды дағдарысқа қарсы зерделі және тиімді саясатты жүргізуге мемлекеттің жағдайы мен қарымының жететіндігіне сендірді. Ел экономикасына, дағдарысқа қарсы тұру шараларына арнап, ұлттық қордан қосымша 2 трлн. 700 млрд. теңге бөлінді. Бұл әлемдік дағдарыс салдарына қарсы қуатты ынталандыру болып табылады. Жолдауда дағдарысты жеңудің экономикалық тұрғыдағы нақты шаралары айқындалып, Қазақстан экономикасын жаңартуға қатысты міндеттер қойылды. Қазақстандықтар мемлекеттің өз мойнына алған әлеуметтік міндеттерін орындауды жалғастыратынына сенімді болуы тиіс. Жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру, жұмыссыз қалған азаматтарды қолдау үшін кешенді тәжірибелік шаралар ұсынылды. Президент ешкімнің тағдыр тәлкегінде қалмайтындығы туралы нақты айтты. Қазақстандықтарды жұмыспен қамту стратегиясы тек қана дағдарыс қиындығын жеңу ғана емес, сонымен қатар, әрбір қазақстандық отбасына жаңа мүмкіндіктер тудыруы тиіс. «Біз батыл әрі жылдам әрекет етудеміз, өйткені әлемдік дағдарыстың экономика мен қоғамға әсер ететін күшінің мөлшерін азайтудың нақты жолдарын білеміз», - деді Мемлекет басшысы. Жолдау сөздері Елбасының мемлекет пен Қазақстан қоғамының дағдарысты еңсеріп, одан жаңарған, дамудың жаңа жолымен шығатындығына сенімді екендігін дәлелдеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық қазақстандықтарды Елбасының «Біз бірлік арқылы осы кезеңнің қиындығына қарсы тұруымыз керек» деген сөзін қолдай отырып, бюджеттік қаражаттың, өзекті емес шығындардың қысқартылуы сияқты мәселелерге түсініктікпен қарауға шақырады. Ассамблея Президентінің «бүгінгі жағдай - біздің мемлекетіміз бен қоғамымыздың тұрақтылығы мен өркендеуіне сын» деген сөзін қолдай отырып, Қазақстан халқының әлемдік дағдарысты жеңуге қабілетті екендігіне сенім білдіреді. Елбасы, «дәл осы кезең халықтың жанашыры кім екендігін анықтап береді» дейді. Сондықтан, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, сынақты кезеңнен сүрінбей өту үшін, барлық қазақстандықтардың әлемдік өркениетті жайлаған дағдарысқа қарсы тұру үшін бірігуге, ынтымақтасуға шақырады. Мемлекет басшысы, 2008 жылғы 23 қазанда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІҮ-сессиясында, көрегендікпен - «Мемлекет күші- халықтың бірлігінде» деп айтқан болатын. Бұл шындық, еліміздің өркендеуі мемлекеттегі бейбітшілік пен келісімге, біздердің ауызбіршілігімізге тікелей байланысты. Сондықтан, Елбасының сөзін қолдай отырып, осындай өтпелі кезеңде барлығымыз ұлттық даналыққа сүйене, мемлекетіміздегі бейбітшілікті сақтап, бір-бірімізге түсіністікпен қарауды ұсынады. Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл ойды өзінің негізгі міндеті және жұмысының стратегиялық бағыты деп санайды. Өз тарихында «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы, жалпы қазақстандықтар «Бірлігі жақсының тірлігі тапшы болмайтынын» жақсы біледі. Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Ұлт Көшбасшысы ? Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси көрегендігі мен сарабдал саясаты дағдарысты жеңудің негізі болатынына сенімдіміз. Біз Елбасына сенім артамыз! Қазақстан халқының бірлігі ? ел болашағының кепілі!
Соңғы жаңалықтар