Болашақ ұшқыштар парашютпен секіру техникасын меңгерді

АСТАНА. KAZINFORM - Аязға қарамастан 4 курс курсанттары мен Әуе қорғанысы күштері әскери институтының парашютпен секіру командасы биылғы жылғы алғашқы секірулерін орындады.

курсанттар
Фото: Қорғаныс министрлігі

Парашютпен секіру – ұшқыштар дайындайтын оқу орнының курсанттарын даярлаудың ажырамас бөлігі. Іс-шаралар институттың оқу авиациялық орталығының парашюттік-десанттық және іздестіру-құтқару қызметі мамандарының басшылығымен өтеді. 

– Нақты жағдайда ұшқыш әуе кемесін тастап, секіруі қажет. Сондықтан курсант-ұшқыштар секіру ережесі мен құтқару парашютімен қону тәртібін меңгеруі тиіс. Әскери тағылымдамадан өту үшін авиациялық базаларға жіберілгенге дейін олар міндетті түрде осындай тәжірибеден өтуі тиіс, - деді оқу авиациялық орталығының парашюттік-десанттық және іздестіру-құтқару қызметінің бастығы майор Александр Демченко.

Практикалық сабақтардың алдында міндетті түрде жерде дайындық өтеді. Курсанттар мен парашютшілер орын алуы мүмкін күтпеген жағдайларды пысықтап, теорияда секіру техникасын қарастырды.

болашақ ұшқыштар
Фото: Қорғаныс министрлігі

Курсанттар 800 метр биіктіктен, D-1-5у парашюттерімен секіруді орындады. Тәжірибелі парашютшілер арнайы мақсаттағы парашют жүйелерін пайдаланып, қону дәлдігін анықтап, 1500 метр биіктіктен секірді.

Соңғы жаңалықтар