Болашақта біздің еліміздің даму векторын жастар жүргізетін болады - Т.Рахманберді

АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Болашақта біздің еліміздің даму векторын жастар жүргізетін болады.

Болашақта біздің еліміздің даму векторын жастар жүргізетін болады - Т.Рахманберді

Бұл пікірді бүгін Астана қаласының әкімдігінде ҚР  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау барысында Астана қалалық жастар саясаты басқармасының бастығы Талғат Рахманберді білдірді.

«Мемлекет басшысының осы жолғы Жолдауы Жолдаудан гөрі халыққа арналған үндеуге көбірек ұқсайды. Мемлекет басшысы өз сөзінде жастарға зор сенім артты», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Елбасы өз Жолдауында бірқатар нақты тапсырмалар берумен қатар дамудың одан арғы болашағын да айқындап берді. Ал ол міндеттерді орындау үшін бірлесе жұмыс істеу қажет.