«Болашақтың энергиясы - EXPO-2017» атты студенттердің қалалық шығармашылық көрмесі өтті

Көрмеге Астана қаласының колледждері қатысып, олардың экономиканың әртүрлі салалалары бойынша 30 жобасы ұсынылды.
Көрменің мақсаты - техникалық-кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттерін энергетиканың өзекті және мақсатты бағыттағы жобаларын орындауға қызықтыру, кәсіби және ғылыми шығармашылық, инновациялық идеялары мен жобаларды дамытуға ат салысуға шақыру.
Байқау нәтижесінде бас жүлдені М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы Ақмола колледжінің студенттері иеленді. Политехникалық колледж студенттері "Жайлы үй" жобасымен I орынды жеңіп алды. II орынды "Көлік және коммуникация колледжі" МКҚК студенттері және "Энергетика және байланыс колледжі" МКҚК студенттерімен бөлісті. III орынды "Көрмелік орталық" макеті бойынша "Политехникалық колледжі" МКҚК студенттері және "Сұйық сутегіден электр энергиясын өндіру" тақырыбы бойынша жұмысымен "Көлік және коммуникация колледжі" МКҚК студенттері иеленді. «Техникалық колледж» МКҚК студенті Фербер Герберт үздік «Өнертапқыш» номинациясын жеңіп алды.