12:04, 04 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Болашақтың жолдары күн электр стансыларына айналады
АСТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат - АҚШ-тың көлік министрлігі өз мұқтажы үшін электр тогын өндіруге және артығын жақын маңдағы жол инфрақұрылымын қоректендіруге қабілетті «ақылды» тас жол учаскесін құру бойынша қызықты экспериментті қолға алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Solar Roadways шағын тәжірибе учаскесінің құрылысына 100 мың доллар бөлінген. Ол үш жылдан кейін пайдалануға берілмекші.
Solar Roadways авторы Скотт Брюсоның түсіндіруінше, оның жаңалығы - үйреншікті асфальттің орнына жолдарға көп қабатты панелдерді төсеу. Онда Күн батареялары мен жарық диодты элементтер орналастырылады, ал төбесінен берік шыныдан жасалған жабындар қорғап тұрады.