Болат Өтемұратов Қазақстан Теннис федерациясының президенті болып қайта сайланды

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Болат Өтемұратов Қазақстан Теннис федерациясының президенті болып қайта сайланды. 6-7 желтоқсан аралығында елордада осы федерацияның есептік конференциясы өтіп жатыр.
None
None

Биылғы қорытынды конференция барысында Теннис федерациясының президенті мен вице-президентін сайлау шарасы ұйымдастырылды. Қазақстан Теннис федерациясының басшылары 4 жылда бір рет сайланады және кандидаттарды іріктеуде ҚТФ филиалдарының директорлары дауыс беру арқылы таңдайды. Осы тұрғыда бірауыздан Болат Өтемұратов алдағы 4 жылға ҚТФ президенті болып қайта сайланды. Сонымен қатар Әділ Бөрлібаев вице-президент болып бекітілді.

Соңғы жаңалықтар