Болат Палымбетов Кәсіпкерлер палатасында өңір кәсіпкерлерімен кездесті - Павлодар облысы
Кездесу барысында шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлерді қолдау, сондай-ақ осы саладағы түйткілді мәселелер талқыланды.
Бизнес-омбудсмен институты 2014 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасының бастамасымен құрылған еді.
2016 жылғы қаңтар айынан бастап аталмыш институт Кәсіпкерлік кодексінің нормалары арқылы бекітілді. Бұл кодекстің нормалары Бизнес-омбудсменнің құқықтық статусын нақты ашып берді.
Бизнес-омбудсмен - еліміз үшін жаңа институт болып табылады. Оның жоғары статусы мен кең өкілеттілігі қазақстандық бизнестің түйткілді мәселелері мен заңнамадағы түйіндерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Іссапарлардың бекітілген кестесіне сәйкес Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау бойынша өкіл Палымбетов Болат Әбілқасымұлы аймағымызға өңір кәсіпкерлерінің түйткілді мәселелерін қарауға, облысымыздың «Іскери климат» рейтингісіндегі орнын анықтауға, көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлық деңгейін талқылауға арнайы келді.
Күннің екінші жартысында Болат Палымбетов Кәсіпкерлер палатасында өңір кәсіпкерлерімен кездесіп, олардың сауалдарына жауап берді.