Болат Сақаев еркін күрестен Қырғызстандағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық еркін күрес шебері Болат Сақаев Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты.
86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бозкілемге шыққан Сақаев Солтүстік Корея спортшысы Сон Ган Джиді ширек финалдық кездесуде 12:2 есебімен мерзімінен бұрын жеңді.
Жартылай финалдық белдесулер 11 сәуір күні өтеді. Бұл кезеңде жеңімпаздар финалға жолдама алады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Гүлмарал Еркебаеваның Азия чемпионатының қола жүлдегері атанғанын жазғанбыз.