Болгария президенті Г.Пырванов ТУ-154 ұшақтарымен ұшудан уақытша бас тартты
АСТАНА. Сәуірдің 12-сі. ҚазАқпарат - Болгария президенті Георгий Пырвановтың ТУ-154 ұшағын пайдалану уақытша тоқтатылды.
Бұл туралы «Эхо Москвы» Болгария көлік министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
РБК агенттінің хабарына қарағанда, ведомствода бұл шара Польша президенті Лех Качиньскийдің апатқа ұшырауымен байланысты деп мәлімдеді. Бүгінгі таңда Болгарияда апаттың себептері анықталғанша, осындай ұшақтардың барлығына да ұшуға тоқтау салынды.
Естеріңізге сала кетейік, ТУ-154 ұшағының Смоленск түбінде құлауы нәтижесінде Польша президенті Лех Качиньский қазаға ұшырады. Поляк көшбасшысы Қатын орманында поляк солдаттары мен офицерлерінің атылғанына 70 жыл толуына арналған ресми шараларға қатысуы тиіс болатын. Авиаапатта 96 адам қазаға ұшыады, оның ішінде поляк делегациясының 88 өкілі болды.