18:25, 05 Шілде 2009 | GMT +5
Болгарияда парламент сайлауы өтуде
МӘСКЕУ. Болгарияда кезекті парламент сайлауында бүкілхалықтық дауыс беру өтуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап.
Елдің заң шығарушы органындағы орынға үкіметкер барлық партиялардың сайлауалды бағдарламасындағы негізгі тармақ әлемдік қаржы дағдарысынан шығудың жолы және сыбайлас жемқорлықпен күрес деп көрсетілген. 6,8 миллионға жуық азамат 240 депутатты төрт жылдық мандатпен сайлайды.
Соңғы 19 жылда парламенттік сайлау барысында болгарлар үкімет билігінде тұрған социалистерді бірде бір рет қайта сайлаған жоқ, олар да билікке келгенде сыбайлас жемқорлықпен күресті басты міндет етіп қойған болатын.