Боливияда әлемдегі ең ұзын аспалы жол ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Боливия президенті Эво Моралес әлемдегі ең ұзын және биік аспалы жолды салтанатпен ашты, деп хабарлады Ассошэйтед Пресс.
None
None

Енді әуедегі аспалы жолдың кабинасында Ла-Пас және Эль-Альто қалаларының арасында жолаушылар тасымалданады. Бір адамға билет құны үш боливиано (43 цент).

Австриялық компания 234 млн. долларға салған бұл аспалы жол теңіз деңгейінен 3200 және 4000 метр биікте Анд таулары тізбегіндегі Ла-Пас және Эль-Альто қалаларын жалғастырады. Жаңа аспалы желі жолаушыларды соңғы стансаға дейін 10 минуттің ішінде жеткізеді, бұрын бұл қалалардың тұрғындары екі ортаға машинамен немесе қоғамдық көлікпен жарты сағаттан астам уақыт жоғалтатын еді. Бұл сапар Боливиядағы ең биік (6462 метр) Ильимани қарлы шыңдарының баурайымен өтеді.

«Бұл біз үшін үлкен қуаныш, аспалы жол ақырында ашылды», - деп жылы лебізін білдірді президент Моралес Ла-Паста оның ашылуында сөйлеген сөзінде. Желінің ұзындығы 10 шақырым, ол теңіз деңгейінен 3660 мтер биіктікте.

Аспалы жол тәулігіне 17 сағат, бір жылда 360 күн жұмыс жасайды. Ол сағатына 18 мың адамды тасып жеткізеді.

Соңғы жаңалықтар