Болливуд жұлдызы Саиф Али Ханды өз үйінде пышақтап кетті
АСТАНА. KAZINFORM – 54 жастағы атақты Болливуд актері Саиф Али Ханды өз үйінде пышақтап кеткен. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Оқиға 16 қаңтарға қараған түні болған. Белгісіз біреу актер Саиф Али Ханның үйін тонап кеткен. Мұны білген қызметші оны тоқтатпақ болып, төбелесіп қалған.
Жанжалға актер араласып, ер адамды ұстамақ болған кезде ол Саиф Али Ханға шабуыл жасаған. Оған алты рет пышақ сұғылған. Актердің омыртқасы мен мойнына зақым келген.
– Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.
Оқиға кезінде үйде 54 жастағы актерден бөлек оның 44 жастағы әйелі, актриса Карина Капур Хан мен олардың 7 және 3 жасар ұлы болған. Балалары мен әйелі зардап шеккен жоқ, бірақ шабуылдан киножұлдыздың үш қызметкерінің бірі де жараланған.