Бөлшек тауар айналымының көлемі артты

АҚТАУ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Жедел мәліметтер бойынша, 2009 жылдың қаңтарына облыста бөлшек тауар айналымының көлемі 2318,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда (тұрақты бағамен) 6,5 пайызға артты.
None
None
Ал 2008 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 31,7 пайызға көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап.Тауарларды сатудан түскен барлық табыс жеке меншік кәсіпорындармен алынған. 2009 жылдың қаңтарында азық-түлік, азық-түлік емес және аралас базарлардан тауарлар сатып алудан және жеке кәсіпкерлердің қызметі есебінен болған бөлшек тауар айналымының көлемі 528,3 млн. теңгені құрады, тұрақты бағамен бұл көрсеткіш 2008 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 27,6 пайызға өскен. Осы жылдың қаңтарында сауда кәсіпорындарының бөлшек сауда айналымдарының тауар айналымдары жалпы көлеміндегі үлесі барлық өткізу арналары бойынша 77,2 пайызды (1789,7 млн. теңге) құрап, 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 пайызға өсті. Облыстың көтерме сауда айналымы 7337,1 млн. теңге болып, 49,7 пайыз жоғарылады. Бұл тауар айналымдарының барлық көлемі мемлекеттік емес секторға тиесілі. Қоғамдық тамақтану қызметінің көлемі жыл басынан бері 675,2 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 50,2 пайызға өсті. 2009 жылдың қаңтарында автомобиль, мотоциклдерді техникалық күтіп ұстау жөніндегі қызметтердің көлемі 19,0 млн. теңге болды. Оның барлық көлемі жеке меншік кәсіпорындар арқылы көрсетілген.
Соңғы жаңалықтар