Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бөлтірік шешен ауылында ТЖ салдарын жою бойынша жұмыстар аяқталды - Жамбыл облысы

ТАРАЗ. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Талас ауданының Бөлтірік шешен ауылында тасқынның салдарын жою бойынша жұмыстар аяқталды,

Бөлтірік шешен ауылында ТЖ салдарын жою бойынша жұмыстар аяқталды - Жамбыл облысы

деп хабарлады Жамбыл облысының ТЖ бойынша департаментінің баспасөз қызметінен.

 «Бөлтірік шешен ауылында беткейлік ағулардан қорғайтын бөгет орнатылды, айналма арна тазартылып, бекітілді, су басу аймағына кірген көшелер мен аулалардан су бұрып жіберіліп, сорып алынды. Тұрғындардың көшірілген бөлігі өз үйлеріне қайтып оралды», - деп айтып берді ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Руслан Иманқұлов.

 Талас ауданының әкімі Айтқазы Қарабалаев ауыл тұрғындарымен жиын өткізіп, келтірілген материалдық зиянды анықтау және шығындарды өтеу тәртібі түсіндірілді.

 ТЖ салдарын жоюға 50-ден астам техника бірлігі жұмылдырылып, шамамен 450 адам қатыстырылды, оның арасында облыстық ТЖД бөлімшелерінің, ұйымдардың, кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар болды.

 Бұрын хабарланғандай, 5 наурыз күні күн райының жылынуына байланысты 1 200 тұрғыны мен 124 тұрғын үйі бар Бөлтірік шешен ауылында ауыл арқылы ағып өтетін арнадан асқан еріген қар суы 30 үйді басып қалды. Су басқан үйлерден 150 адам көшірілді.