09:29, 24 Қаңтар 2011 | GMT +5
Бомба қойылғаны туралы хабардан кейін Павлодар теміржол вокзалынан 200-дей адам жедел көшірілді
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Бомба қойылғаны туралы хабардан кейін Павлодар теміржол вокзалынан 200-дей адам қауіпсіз жерге жедел көшірілді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

«23 қаңтар күні кешке теміржол вокзалының анықтама қызметіне вокзалға бомба қойылғандығы туралы анонимді қоңырау түсті. Осыған байланысты ғимараттан 208 адам жедел көшірілді, олардың 23-і - балалар. Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында ешқандай бомба табылған жоқ. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ»,- делінген хабарламада.