Боралдай авиабазасында Ми-8 МТВ тікұшағының кешендік жаттығу құрылғысы ашылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оған ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры генерал-майор Болат Қырғызбаев қатысты. Бұл шара 2006 жылғы наурыздың 27-сіндегі ҚР Президентінің «Қарулы Күштерді, әскерлер мен әскери құрылымдарды дамтыудың 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Жарлығын жүзеге асыру аясында жасалып отыр. Ми-8 МТВ тікұшағының кешендік жаттығу құрылғысын Украинаның «АВИА» Мемлекеттік емес ұйымы (МЕҰ) 2008 жылдың желтоқсанында жеткізген болатын. Тікұшақтың жаттығу кешені ұшу-техникалық құрамды дайындайтын шағын оқу орны болып есептеледі. Оған ұшқыштар құрамын дайындайтын сыныптар мен кешендік жаттығу құрылғылары мен ұшқыштар құрамы үшін психофизикалық жеңілдету бөлмесі кіреді. Кешендік жаттығу құрылғысы - әуе техникасының қоры мен жанармайды үнемдеуге, бекітілген дайындық бағдарламасына сәйкес инженерерлік-техникалық және ұшқыштар құрамының жаттығу өткізуіне жағдай тудырады. Әуе кемелерінің өзге түрлерінің ұшқыштарын тікұшақтың шынайы құралдарымен, штаттық бақылау, өлшеу аспаптары мен басқару құралдарымен толық жабдықталған кабинасында үйретуге мүмкіндік береді. Онда сонымен қатар ауа райының қолайсыз кезеңінде, түнгі көру көзілдірігімен ұшу, дайындалмаған қону алаңдарына қону сияқты әртүрлі дәрежедегі қиын ұшуларды орындаудың машықтарын үйретуге де қолайлы жағдайлар жасалған. Бұл кешендік жаттығу құрылғысында ұшқыш-шекарашыларды оқытатын мамандар 2008 жылдың қыркүйегінде «АВИА» МЕҰ-ның Кременчуг қаласындағы базасында арнайы дайындықтан өткен болатын.