Боранға байланысты Ақтөбе мен Алматы облыстарында көлік қозғалысы тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Боранға байланысты Алматы облысы аумағындағы «Үшарал-Достық» жолының учаскесі жабылды.
None
None

«Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, аталған жолдың 83-184 шақырымындағы Көктума мен Достық аралығында барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

Сонымен қатар қазіргі кезде боран салдарынан Ақтөбе облысында «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» (92-258 км, Ембіден Шалқарға дейінгі аралық) автожолында барлық көліктерге жол жабық.

Соңғы жаңалықтар