20:28, 22 Наурыз 2014 | GMT +5
Боранға байланысты Ақтөбе облысында бірқатар жолдар жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында боранға байланысты бірқатар жолдар жабылды, деп хабарлайды «Қазақавтожол».
Атап айтқанда, Ақтөбе-РФ шекарасының 21-135 шақырымы, «Самара-Шымкент» жолының 753-835 шақырымы, Ақтөбе-Хромтау» учаскесі барлық автокөлік түрлері үшін жабылды. «Самара-Шымкент» жолының 835-965 шақырымв, «Хромтау-Қарабұтақ учаскесі жолаушылар мен жүк көліктері үшін жабылды.