Боранға байланысты Астанадан шығатын негізгі жолдар жабық

«Қазақавтожол» РМК-ның мәліметіне қарағанда, қазіргі уақытта «Астана-Петропавл» жолының Астана мен Бурабай аралығында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Бұдан бөлек, «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-205 шақырымындағы елорда мен Павлодар облысындағы Шідертіге дейінгі учаске жабылды.
Боран салдарынан «Екатеринбург-Алматы» жолының Астана мен Қарағанды облысы аралығында барлық көлік түрлері үшін шектеу енгізілді. Ал Ақмола облысы шекарасы мен Теміртау қаласы учаскесінде, яғни 1353-1444 шақырымда жүк және қоғамдық көліктер үшін жол жабық. Мұнымен қоса, Қарағанды қаласы - Ақсу-Аюлы аралығында барлық көлік түрлеріне жолға шығуға тыйым салынды.
Сонымен қатар «Екатеринбург-Алматы» жолының Астана мен Атбасар учаскесінде де көлік қозғалысы шектелді.