Борышкерді шетелге шығудан шектеу Конституцияға сай ма — министр жауабы

АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс депутат Ерболат Саурықов сот орындаушылардың қызметін жетілдіруге арналған Үкімет сағатында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевқа осындай сұрақ қойды.

Жол жүру паспорты
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Мәжіліс депутат Ерболат Саурықов міндетін адал атқармағаны үшін лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушылар мемлекеттік қызметке тұра алмайтындай норма қабылдауды ұсынды.
Бұл ұсынысты Әділет министрі де қолдап отыр.

— Жеке сот орындаушы өз міндеттерін атқармағаны үшін лицензиясынан айырылса, оны мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан айыру туралы ұсынысты жалпы қолдаймыз. Заң жобасы кезінде мұндай ұсынысты енгізуге болады деп ойлаймын.
Жеке сот орындаушылардың қызметіне баға беру үшін цифрлық көмекшіні іске қосамыз. Бұл платформа маусым айында іске қосылады. Осы платформада «қызыл аймаққа» кірген жеке сот орындаушыларға бірден тиісті шаралар қолданамыз, — деді Ерлан Сәрсембаев Үкімет сағатында.

Сондай-ақ, министр борышкерді шетелге шығудан шектеу шарасы Конституцияға сай деп ойлайтынын айтты.

— Міндеттемесін орындамау заңды бұзу әрекеті болып есептелетіндіктен бұл шара Конституцияға қайшы емес, — деді ведомство басшысы.

Осы жиында шағын несиесін өтемеген азаматтардың 2,5 млн құжаты жеке сот орындаушылардың қолында жүргені мәлім болды. 

Соңғы жаңалықтар