Бөрлі аудандық «Бөрлі жаршысы» газетінің сайты ашылды
ОРАЛ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-да Бөрлі аудандық «Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести» газетінің веб-сайты ашылып, оқырмандар назарына басылымның электрондық нұсқасы ұсынылды.
Аудандық газет редакциясынан Айгүл Ахметованың хабарлағанындай, басылым басшысы Елена Меңжанованың ізденісі нәтижесінде жарық көрген электрондық газет бетінде орыс және қазақ тіліндегі «Білім», «Денсаулық», «Спорт», «Жаңалықтар», «Атаулы күндер» айдарларымен аудан өмірінде болып жатқан жаңалықтар мен оқиғаларға орын берілген. Ал «Редакцияға хат», «Фотофакт», «Конкурс» айдарлары оқырмандардың өздері куә болған әр түрлі жайттардың деректері мен суреттерін жариялауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа әлем және ел жаңалықтарымен, ауа райы мәліметімен, көршілес Орынбор облысының Елек аудандық «Урал» газетінің де электрондық нұсқасымен танысуға мүмкіндік бар. Газеттің ғаламтордағы сайты -www.burlinskievesti.kz.