Бөрлі ауданы ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамы өзгелерге үлгі көрсетіп келеді

ОРАЛ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында Бөрлі ауданы ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамы өз жұмысын өрістету жағынан өзгелерге үлгі көрсетіп келеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталмыш қоғам 1997 жылдың күзінде құрылған. Оған Жетпісбай Бектеміров он бір жыл бойы жетекшілік жасаса, қазір аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің бастығы Марат Ерғалиев төрағалық етіп келеді. Бөрлі ауданынан ауған соғысына 28 жауынгер қатысқан. Ардагер-жауынгерлердің бастамасымен Ақсай қаласындағы Наурыз бағында қос ескерткіш орнатылса, соның біреуі ауған соғысында, екіншісі Чернобыль апатында мерт болғандарға арналған. Алдағы жазда ескерткіш маңына үш субұрқақ орнатылып, балалар алаңы жасақталмақшы. «Ауған жерінде мерт болғандар» естелік кітабы жарық көрсе, мектептерде арнайы бұрыштар ұйымдастырылған. Бөрліліктер кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылуының 20 жылдығына орай арнайы айлық аясында шаралар ұйымдастырды. Ауданда боздақтар Аманжол Ғұсманов пен Дидар Хамитовтың рухына шағын футболдан, Сергей Алексеевке арналған самбодан, Леонид Куриленконы еске алып, волейбол турнирін өткізу дәстүрге айналған. Бөрлілік ардагерлер көршілес Сырым және Шыңғырлау аудандарында туып-өсіп, сонда жерленген қаруластарына да тағзым етіп оралды. Ресейдегі ауған жауынгерлері қоғамымен де байланыс бар. Өткен жылы Орынборға барып, «Контингент» тобымен жолдастық кездесу өткізсе, «Ізденіс» патриоттық жасөспірімдер клубының мүшелері Ақсайға келіп, тұсаукесер рәсімін жасаған. Мұндай клуб болашақта Ақсай қаласында да ашылып, жастарды отаншылдыққа баулу бағытында қызмет етпек.
Соңғы жаңалықтар