Бөрлі ауданында 848 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

ОРАЛ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Бөрлі ауданында 2008 жылы 848 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл алдыңғы жылғыдан (599 млрд. теңге) едәуір артық,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аудан әкімі Болат Шәкімовтің сөзіне қарағанда, газ өндіру 13 млрд. 542 млн. текше метрге жеткізіліп, 3 пайызға артты. Сондай-ақ 10 млн. 511 мың тонна газ конденсаты, 1 млн. 980 мың текше метр су, 78,7 мың Гкал жылу қуаты, 780,3 млн. кВт/сағат электр қуаты өндірілді. Аудан экономикасына 121 млрд. 421 млн. теңге инвестиция құйылды.
Соңғы жаңалықтар