Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бөрлі ауданында ауыл кәсіпкерлігін дамыту мақсатында 140 млн. теңге бөлінді - БҚО

ОРАЛ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Бөрлі ауданында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына сәйкес ауыл кәсіпкерлігін дамыту мақсатында өткен жылы республикалық бюджеттен 140 млн. теңге бөлінді.

Бөрлі ауданында ауыл кәсіпкерлігін дамыту мақсатында 140 млн. теңге бөлінді - БҚО

Аудан әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, өтініш жасаған 23 адамның 19-ы өз ісін дамытуға мүмкіндік алды. Несие алғандар қазіргі кезде мал шаруашылығын дамытумен, құс өсірумен, керамзит блогын шығарумен айналысуда.

Аталмыш бағдарламаның түрлі бағыттары бойынша қатысушылар саны ауданда 200-ден асты. Мәселен, бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 87 адам қатысуға ниет білдірді. Кәсіби оқуға 54 адам жіберілді. Қайта даярлықтан өткен 17 маманның бесеуі тұрақты жұмыс тапты. 12 адам біліктілігін көтерді.

Жастар тәжірибесін ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 14 млн. астам теңге берілді. 77 ұйыммен келісімшарт жасалып, 110-нан астам түлек 45 мекеме-кәсіпорынға жіберілсе, соның 40-ы жастар тәжірибесін тәмамдап, 17 түлек тұрақты жұмыс тапса, 40-ы биыл да жалғастырады.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша Бөрлі ауылында 60 үй салынды. Бұған ел қазынасынан 294 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 53 млн. теңге бөлінді. Қоныстанушылар үшін республикалық бюджеттен 6,232 млн. теңге қарастырылса, соның 6,165 млн. теңгесі 49 отбасыға төленді.