Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бөрлі ауданында жалақы 134868 теңгеге жетті

ОРАЛ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Батыс Қазақстан облысында орташа жалақы 57439 теңгеге жетті.

Бөрлі ауданында жалақы 134868 теңгеге жетті
Бір қызметкердің орташа жалақысы алдыңғы жылғыдан 17,9 пайызға өсті. Жалақы, әсіресе, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінде ? 47,6, жылжымайтын мүлік операцияларымен айналысатын салада ? 38,9, құрылыста ? 23,5, мейрамхана-мейманхана бизнесінде ? 20,2, өнеркәсіпте ? 20,5, көлік пен байланыста 20,1 пайызға өсті. Облыстағы ең көп жалақы Бөрлі ауданында 134868 теңгеге жетсе, Орал қаласында ? 48722, Теректі ауданында ? 31753, Зеленовта ? 30811, Ақжайықта - 30327 теңгені құрады.