Бос орындар жәрмеңкесінде «Бес жұлдызды» қонақ үйлерге 20 жас маман алынды - Атырау

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда бос орындар жәрмеңкесі өтіп, 20 жас өрен танымал, «бес жұлдызды» қонақ үйлерден жұмыс тапты. Сонымен қатар, 80 жұмыс іздеуші жастар түйіндемелерін тапсырды.

Бос орындар жәрмеңкесінде «Бес жұлдызды» қонақ үйлерге 20 жас маман алынды - Атырау

«Облыстағы Кәсіпкерлер палатасының арқасында жәрмеңке өтікізіп, жұмыс табуға мүмкіндік жасай алып отырмыз. Қонақ үй ісі мен қоғамдық тамақтандыру саласында маман таңдауда кездесетін өз қиындықтары бар. Оның бір себебі, мамандардың көбі ағылшын тілін білмейді. Қазір біздің колледжерде осы халықаралық талаптарды ескеріп, аспазшы, гастроном саласында мамандар даярлай бастадық. Сол үшін Кәсіпкерлер палатасы Германиядан арнайы маман алдыртып, мастер-класс сабақтарын өткізді. Болашақта бұл еңбегіміз жемісін беріп, бұл саладағы маман тапшылығын өтейміз деп ойлаймын», - деді Атырау облысы бойынша Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұржан Ғанимұрат «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында.

Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер 20 бос орын ұсынды. Кандидаттар арнайы анкеталар толтырып, жеке кездесулер өткізді. Жұмыс берушілердің айтуынша, негізгі талаптың бірі, адамның жұмыс жасауға деген ынтасын байқау болған. Мұндай жағдайда жұмыс тәжірибесі маңызды емес, себебі қонақ үй басшылығы керек маманды өз-ақ оқытып алады. Тек, одан ынта болса болғаны, дейді мамандар.