Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 7 мыңнан астам жас маман қатысты (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының техникалық және кәсіби білім беру мекемелерін бітірушілер үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Шараға халыққа қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, медицина, заң, ақпарат, экономика секілді салалар бойынша 7 мыңнан астам маман иесі қатысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 7 мыңнан астам жас маман қатысты (ФОТО)

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі Астана қаласы білім басқармасының, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және қалалық Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ұйымдастырылды. Шараға өнеркәсіп, бизнес және қызмет көрсету саласындағы 50 жуық ірі компания қатысып, жас мамандарға бос жұмыс орындарын ұсынды.

«Шараның басты мақсаты - оқуын енді ғана тәмамдаған жас мамандарға жұмысқа орналасуға және ірі мекемелерге білікті маман табуға көмектесу», - дейді Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының өкілі Альмира Закиева