Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде 200-дей ауыл тұрғыны жұмыс тапты - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының Шарбақты, Шақы, Майқарағай және Малыбай ауылдарының екі жүздей жұмыссыз тұрғыны бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысып, жұмыстарға жолдама алды,

Бос жұмыс  орындарының  жәрмеңкесінде  200-дей ауыл тұрғыны   жұмыс  тапты -  Павлодар облысы
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Олардың басым бөлігі «Ертіс орманы» табиғи резерватының Бесқарағай филиалына жұмысқа алынды. Орманшылар мен жұмысшылар қарағайлы орманды қалпына келтірумен айналысады, өртке қарсы мұнараларда бақылаушы қызметтерін атқарады. Көктемгі егістік жұмыстары басталғаннан кейін шаруа қожалықтарында да қосымша жұмысшылар қажет болады. Павлодар облысының ауылдарында бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін өткізу дәстүрлі шараға айналып келеді, мұндай басқосулар тұрғындарға жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, жұмыс орындары мен еңбек шарттары туралы мәліметтерді олардың өз ауыздарынан естулеріне мүмкіндік береді.