Босфор мен Дарданелла арқылы өту үшін тарифтер 1 шілдеден бастап өседі
АСТАНА. KAZINFORM – Түркия биылғы жылдың шілдесінен бастап, кемелердің стратегиялық маңызды Босфор мен Дарданелла бұғаздары арқылы өтуі үшін алынатын тариф көлемін өсіреді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі Абдюлькадир Уралоглудың хабарлауынша, бұғаздардан өту алдындағы жылмен салыстырғанда 15% өсіп, тоннасы $5,83 болады.
Бұл Түркия президенті жарлығымен іске қосылған тариф саясатын кезе-кезеңмен қарау жөніндегі шараның төртінші кезеңі болады. Министр сонымен қатар реформа басталғалы кемелердің өтуі үшін алынатын тариф көлемі 7,2 есе артқанын мәлім етті. 2022 жылға дейін тариф 39 жыл бойы өзгермей тұрған – тоннасына $0,80.
Уралоглудың сөзінше, тарифтерден түскен қаржы жағалау және құтқару қызметтерін қаржыландыру мен бұғаздың акваториясын медициналық қолдау шараларына жұмсалады. Төлемді қайта қарау билік өкілдерінің пікірінше, Түркияға бұғаздардың геостратегиялық маңызы мен оларды қауіпсіз пайдалануға кететін шығынды әділ бағалауға мүмкіндік береді.
Босфор мен Дарданелла Қара теңіз бен Жерорта теңізін жалғай отырып, мұнай, астық пен өңір арқылы тасымалданатын өзге де тауарлардың тасымалы үшін маңызды және халықаралық теңіз саудасында шешуші рөл атқарады.
Осыған дейін Түркия халқының қарызы 4,4 трлн лираға жетіп, тарихи шекке шыққаны туралы жаздық.