Бостандық аудандық сотының төрағасы не үшін ұсталды – агенттік мән-жайды түсіндірді
«Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі ҚР Жоғарғы сотының Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп, Алматы қаласы Бостандық ауданының сотының төрағасын пара алды деген күдікпен ұстады. Ол делдал, яғни сот отырысының хатшысы арқылы борышкер азаматтың Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуға санкция бергені үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдікке ілінген», - деді Данияр Бекайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, кеше ғана, яғни 22 қаңтарда қылмыстық қудалауда артықшылықтары бар судьяға қатысты Бас прокуратурадан сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім алынған. Қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.