17:21, 26 Ақпан 2009 | GMT +5
Бөтен дін әсерімен аталып өтетін ғашықтар күнінде кісі өлтірген қылмыскер ұсталды ? ОҚО
ШЫМКЕНТ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Католиктердің ұғымына сай ғашықтар күні деп аталатын "валентин күні" Кентау қаласында тұратын жас қыздың өліміне душар етіп, жуырда сол ауыр қылмысты жасаған жігіт ұсталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сол күні таңертеңгі сағат 10-да Кентау қаласы бақтарының бірінде ағашқа асылған қыздың денесі табылған. Оның жанында қанға боялған киімдері шашылып жатыр екен. Алдын ала сараптама өлімнің кісі қолынан болғанын анықтады. Полицейлер қазаға ұшыраған Кентау қаласының тұрғыны 22 жастағы қыз екенін анықтады. Көп кешікпей полицейлер оның 24 жастағы жерлесін ұстады. Ол қызды өлтіргенін мойындады. Ұсталған жігіт таныс қызды үйіне шақырған. Кешкі тамақтан кейін олар бақ ішінде қыдырмақ болады, бір қалтарыста жігіт танысын зорлайды және қылмысын жасыру үшін қызды өлтіріп, ағашқа іліп кетеді. Сол күндері тағы бір әйел қатігездікпен өлтірілген. Жетісай қаласы медициналық колледжінің қызметкері жұмыс орнында көз жұмған. Әріптестері 30 жастағы зертханашының бірнеше жерден пышақталған денесін қызмет бөлмесінен тауып алды. Кейіннен анықталғандай, оны бұрынғы сүйіктісі өлтірген болып шықты.