13:57, 20 Қараша 2022 | GMT +5
                                        Бойы ең ұзын ауыл тұрғыны көппен бірге дауыс берді
                                            СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысы Көкпекті ауылының бойы ең ұзын тұрғыны Вячеслав Вишняков сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
                                        
                                        
                                     
                                              В.Вишняковтың бойы – 2 метр 20 см.
«Бүгін өз сайлау құқығын пайдаланып, халықпен бірге №785 сайлау учаскесіне Көкпекті ауылының тұрғыны, аудандағы бойы ең ұзын адам – Вишняков Вячеслав та келіп, өз таңдауын жасады.
Вишняков Вячеслав – қарапайым еңбек адамы. Бүгінгі күні»Көкпекті«ШЖҚК моторист болып қызмет етеді. Үйленген, әйелі Айжанмен 1 ұл тәрбиелеп отыр», - делінген облыс әкімдігі ұсынған мәліметте.