Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бірі анасына, бірі ұлына өмір сыйлады: Түркістанда екі отбасының мүшелері ауруханадан шықты

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында екі отбасы үшін ерекше күн болды. Бір күнде бауыр және бүйрек трансплантациясы жасалған екі науқас емін сәтті аяқтап, үйлеріне шығарылды.

Бірі анасына, бірі ұлына өмір сыйлады: Түркістанда екі отбасының мүшелері ауруханадан шықты
Фото: Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы

Бір отбасында 20 жыл бұрын анасы ұлына өмір сыйласа, бұл жолы ұлы бауырының бір бөлігін анасына беріп, оның өмірін сақтап қалды. Ал екінші отбасында анасы ұлына бүйрегін беріп, баласына екінші рет өмір сыйлады.

Түркістандағы бірегей операция: Бірі анасына, бірі ұлына өмір сыйлады
Фото: Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы

Күрделі бауыр трансплантациясы А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының басқарма төрағасы, профессор, академик Болатбек Баймаханов бастаған жоғары білікті мамандардың қатысуымен сәтті жасалды.

Түркістандағы бірегей операция: Бірі анасына, бірі ұлына өмір сыйлады
Фото: Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы

— Бұл — трансплантологияның заманауи мүмкіндіктері мен дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Сонымен қатар отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен жанқиярлығының айқын көрінісі, — делінген Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратта.

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай күрделі оталарды жүзеге асыруда хирургтермен қатар анестезиологтар, реаниматологтар, мейіргерлер және басқа да медицина мамандарының еңбегі маңызды.

Осылайша екі отбасы да емін сәтті аяқтап, ауруханадан үйлеріне шығарылды.

Бұған дейін Түркістанда қарындасы туған ағасына бауырын беріп, өмір сыйлағанын жазған едік.