Бір жылда Қазақстанда ұсталған мас жүргізушілер саны белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM —ҚР Ішкі істер министрлігі еліміздің жолдарында ұсталған мас жүргішулерге қатысты түсінік берді.

Бір жылда Қазақстанда ұсталған мас жүргізушілер саны белгілі болды
Фото: Pexels

— Министрлік қылмысқа қарсы күресті күшейту, құқық бұзуға жол бермеу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соның ішінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасын тұрақты түрде ұйымдастырады. Полицияның осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде, 2024 жылы еліміздің жолдарында 18200 мас жүргізуші ұсталып, қайғылы оқиғалаларға жол берілмеді. Олардың барлығы жүргізуші куәлігінен айырылды, — делінген ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Сонымен қатар былтыр жедел алдын алу шаралары барысында көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарған 5520 адам анықталып, жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, көлікті мас күйінде басқарғандар 7 жыл бойы жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсыруға жіберілмейді.

Соңғы жаңалықтар