Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бразилия Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне сайлануымен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-де Жанейрода Олимпиадалық ойындардың ашылу рәсімінде Қазақстан атына дипломатиялық арналар бойынша өңірдің Азиялық-тынық мұхиты тобынан 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның сайлануына байланысты Федеративтік Бразилия Республикасы атынан құттықтау келіп түсті.

Бразилия Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне сайлануымен құттықтады

«Қазақстанның тұрақты емес мүшелігіне сайлануы - халықаралық қоғамдастықтың сенім білдіруі, мемлекеттің рөлін тануы, әсіресе Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгерлік қызметін дамытуда, дипломатиялық келіссөздер арқылы дау-дамайды шешуде, қарусыздану және ядролық қаруды таратпауда, сондай-ақ ұлттар мен діндердің бейбіт қатынасын қамтамасыз етуде жеке қосқан үлесінің жемісі. Қазақстан Республикасы осылардың бәрінде оң қырынан үлгі бола білді», - делінген құттықтау жолдауының мәтінінде.

«Бразилия Үкіметі Қазақстанға БҰҰ ҚК-дегі жұмысына сәттілік тілей отырып, қауіпсіз бейбіт қауымдастық құрудың негізгі жолы ретінде көп жақты қатынастарды дамытуды қолдайтынын білдірді», - делінген құттықтауда.