13:40, 09 Шілде 2009 | GMT +5
Бразилияда A/H1N1 тұмауын жұқтырғандардың саны 977-ге жетті
БРАЗИЛИА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Бразилияда A/H1N1 тұмауының зертханалық расталған оқиғасы 977 фактіге жетті, бір адам көз жұмды, делінген елдің Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.

Ағымдағы аптаның басынан бері ауруды жұқтырудың 72 жаңа оқиғасы тіркеліп отыр. Ведомствоның мәліметі бойынша, жоғарыдағы статистикаға «жаңа тұмау» пандемиясы басталғалы бергі барлық факті енгізіліп отыр, науқастардың көпшілігі бүгіннен ауруханалардан жазылып шыққан.
Денсаулық сақтау министрлігі бразилиялықтарға ауру ошақтары тіркелген көрші Аргентина және Чилиге, сондай-ақ АҚШ, Канада, Австралия және Мексикаға сапарларын кейінге қалдыруға кеңес беріп отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа тұмаудың тез таралуына байланысты шілденің 11-інде пандемия қаупін ең жоғарғы, алтыншы деңгейге көтерген болатын.