02:32, 29 Наурыз 2015 | GMT +5
Бразилияда баспана бағасы төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық валютаның құнсыздануынан Бразилияда баспана бағасы төмендеді, деп жазады khabar.kz.

Наурыз айында бразилиялық реал 20 пайызға құлдырап, соңғы 12 жылдағы ең төменгі көрсеткішке жетті. Ал елдегі жылжымайтын мүлік бағасының төмендеуі шетелдік инвесторлар үшін тамаша мүмкіндікке айналды. Өйткені қазір Рио-де-Жанейрода бақуатты адамдар тұратын аудандардағы тұрғын үйлерге сұраныс артқан.
Алайда, сарапшылардың пайымдауынша, алдағы жылда жазғы Олимпиада ойындары өтетін Бразилияда баспаналардың бағасы қайта көтерілуі әбден мүмкін.