Бразилияда елге М.Ахмадинежадтың келуіне наразылық білдірген жүздеген адам шеруге шықты

АСТАНА.   Қарашаның  23-і. ҚазАқпарат - Бразилияда    Иран Президенті М.Ахмадинежадтың  елге келуіне  наразылық    білдірген    жүздеген  адам шеруге  шықты,

Бразилияда    елге М.Ахмадинежадтың келуіне  наразылық    білдірген    жүздеген  адам шеруге  шықты

деп хабарлайды Associated Press  агенттігі.

Рио-де-Жанейро  көшелеріне   шыққан  500-ден астам      адам қолдарына     Израиль  мен Бразилияның  жалауларын  алып  шыққан.  Олар    Израильді  жоюға  шақырған  үндеуі  үшін,      сондай-ақ,  Иранның   ядролық  бағдарламасы  үшін  Махмұд  Ахмадинежадтың      Бразилияға  келуіне  наразылық   білдірген.

Иран Президенті Бразилияға бүгін,  қарашаның 23-інде келуі  керек.    Оған   200-дей парсы кәсіпкері  еріп  келеді. М.Ахмадинежад   Бразилия Президенті Луис Игнасио Лула да Сильвамен   кездеседі.  Ал Бразилия Президенті,    Иран   басшысын   қабылдау -   ол үшін  үлкен құрмет екенін,  бұған дейін мәлім еткен болатын.