Бразилияда кедей-кепшіктерге тегін ұялы телефон таратылмақ

АСТАНА.  Қарашаның 12-сі.  ҚазАқпарат -   Бразилия  үкіметі  12  миллион    кедей  отбасына    тегін ұялы  телефон   таратпақ.  Бұл туралы елдің  байланыс министрі  мәлім етті, 

 Бразилияда кедей-кепшіктерге  тегін ұялы  телефон    таратылмақ

деп  хабарлайды «Азаттық»   радиосы.

Министрдің айтуынша,     қазір үкімет    ұялы телефонның ірі  операторларымен  келіссөз жүргізіп жатыр.     Тұрмысы төмен отбасыларына   ай   сайын   телефонмен   сөйлесуге     7 реал  -  бұл  шамамен 4 доллар -     несие  бөлінетін    болады.