Бразилияда радардан Air France компаниясының жолаушылар ұшағы жоғалып кетті

БРАЗИЛИА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат – Бразилияда Air France авиакомпаниясының жолаушылар ұшағы радардан жоғалып кетті,

Бразилияда радардан Air France компаниясының    жолаушылар  ұшағы жоғалып  кетті
деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Париждегі Шарль де Голь әуежайының өкілдерінің мәліметтері бойынша, Рио-де Жанейро-Париж бағытында ұшып бара жатқан аэробустың бортында 216 жолаушы және 12 экипаж мүшесі болған. Лайнермен байланыс таңертең жоғалған. Бірақ Франциядағылар үміттерін жоғалтпаған. Ұшақ жергілікті уақыт 11.10-да (мәскеу уақыты бойынша 13.10) Париж әуежайына келмеген соң, дабыл көтерілген. Ұшақ әлі табылған жоқ. Бразилиялық өкімет жоғалған лайнерді іздеу операциясын жүргізіп жатыр.