09:47, 08 Сәуір 2010 | GMT +5
Бразилияда табиғат апатының салдарынан 133 адам құрбан болды
АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат - Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында нөсер жауынның салдарынан орын алған лай көшкіні мен су тасқыны құрбандарының саны 133 адамға жетті.
Дегенмен, жергілікті өкімет, опат болғандар санының әлі де артуы мүмкін екенін айтуда. Құтқарушылар із-түзсіз жоғалған ондаған адамдарды іздестіруде, деп хабарлайды РБК.
Рио-де-Жанейрода осымен төртінші тәулік бойы нөсер жаңбыр жауып жатыр. Метеорологтардың мәліметтері бойынша, жауған жаңбырдың мөлшері соңғы 44 жылдағы рекордтық көрсеткішке жетіп отыр.