08:03, 22 Маусым 2010 | GMT +5
Бразилиядағы су тасқыны салдарынан мыңнан адам із-түссіз жоғалып кетті
АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат - Нөсер жауыннен кейін болған Бразилияның солтүстік батысындағы су тасқыны мен сел салдарынан жоғалғандар қатары мыңдап есептеледі,

деп хабарлады сейсенбі күні РИА жаңалықтар агенттігі Фран Пресс агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Бұрынырақ табиғат апатынан 30-дан астам адам қаза тауып, бірнеше ондаған адам жоғалды деп хабарланған болатын
Өзендердің тасуына себеп болған нөсер жауыннан екі штат зардап шеккен. Алагос және Пернамбуку штаттарының 40 мыңнан астам адамы баспанасыз қалды, 65 мың адам құтқарылды.