Бразилияның экс президенті Жаир Болсонаруға ота жасалды

АСТАНА. KAZINFORM — Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонару ел астанасы Бразилияда орналасқан ауруханада ішегіне ота жасатты. Бұл туралы жұбайы Мишель хабарлағанына сілтеме жасап, BBC жазды. 

Бразилияның экс президенті Жаир Болсонаруға ота жасалды
Фото: AFP

«Ота сәтті аяқталды!» – деп жазды ол әлеуметтік желіде. DF Star клиникасының мәліметінше, операция 12 сағатқа созылған.

Болсонару 2018 жылы сайлауалды митинг кезінде пышақ жарақатын алған болатын. Ол жұма күні Риу-Гранди-ду-Норти штатында партиясының іс-шарасы кезінде ішінің қатты ауырғанынан кейін ауруханаға жатқызылып, артынша астанаға жеткізілген.

Экс-президентке шабуылдан кейін бірнеше рет ауруханаға жатуға тура келген, ол ауырсыну және басқа да белгілермен жиі шағымданған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бразилияның экс-президенті ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.

Оның алдында Бразилияда Джейр Болсонароға қатысты сот отырысы басталған еді. 

Соңғы жаңалықтар