Brent маркалы мұнайдың бағасы бір баррель үшін 35 доллардан жоғарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Энергетика министрі Александр Новак пен Сауд Арабиясының Мұнай министрі Әли Әл-Наимидің келіссөздері қарсаңында Brent маркалы мұнай бағасы 35 доллардан жоғарылады, деп хабарлайды РБК.

Brent маркалы мұнайдың бағасы бір баррель үшін 35 доллардан жоғарылады

«Brent» маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері сейсенбі күні Лондондағы ІСЕ биржасындағы сауда барысында 6 пайызға жуық өсіп, бір баррель үшін 35 доллардан асты. Аталған маркалы мұнайдың ең жоғары бағасы бір баррель үшін 35,35 доллар деңгейінде болған.