12:08, 15 Ақпан 2016 | GMT +5
Brent маркалы мұнайдың баррелі 33,17 долларға дейін төмендеген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Интерқұрлықтық биржадағы сауда барысында Brent маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерстерінің бағасы 0,573 пайызға - бір баррель үшін 33,17 долларға дейін төмендеген. WTI маркалы мұнай бағасы 0,718 пайызға - бір баррель үшін 29,23 долларға дейін төмендеген, деп хабарлайды «Коммерсант» газеті.

Әлемдік қаржылық және шикізат нарықтарындағы құлдырау - жай ғана түзету емес деп саналады. Бұл 2008 жылы басталған әлемдік дағдарыстың жаңа өткір фазасының басталуы да болуы мүмкін. Бұл жолы негізгі соққы Қытай, Ресей және басқа дамушы елдерге тиеді.