Brent мұнайы Таяу Шығыстағы қақтығыс аясында 100 долларға жақындады

АСТАНА. KAZINFORM - Мұнай бағасы Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюі және шикізат жеткізілімі үзіліп қалуы мүмкін деген алаңдаушылық аясында өсіп жатыр, деп хабарлайды Reuters.

мұнай
Фото: 1prime.ru

Басылымның мәліметінше, Гринвич уақытымен 00:00-де (Астана уақытымен 05:00) Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 34 центке немесе 0,35%-ға өсіп, барреліне 97,34 долларға жетті.

Америкалық West Texas Intermediate (WTI) мұнайының бағасы 1,15 долларға немесе 1,26%-ға көтеріліп, барреліне 92,63 доллар болды. Бір күн бұрын Brent бағасы 24 шілдеден бергі ең жоғары деңгейге жеткен.

Сарапшылардың айтуынша, Таяу Шығыстағы қақтығыстың жақында ушығуы Парсы шығанағынан мұнай жеткізуге қойылған шектеулердің 2026 жылдың соңына дейін сақталуына әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ олар мұнай жеткізілімі көлемінің соғысқа дейінгі деңгейге толық қалпына келуі 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңынан немесе екінші тоқсанының басынан ерте болмайды деп күтеді.

Еске сала кетейік, 7 қыркүйек таңертең Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 96,81 долларды құрап, 0,53%-ға қымбаттаған. Айырмаға арналған келісімшарт (CFD) бойынша сауда нәтижесіне сәйкес, соңғы бір айда Urals мұнайының бағасы 12,89%-ға, ал былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 45,83%-ға өсті.